03.12.2023 Асхат Сейсенбек: Біздің жігіттер жандарын салып ойнады

- Асхат Рашидұлы, Сіз еуропалық деңгейдегі үлкен футбол жарыстарын жиі қадағалап, бақылап жүретініңізді жақсы білеміз. Ал футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасының кездесуі көңіліңізден шықты ма?
- Бүгінгі кездесу өте жоғары деңгейде өрбіді. Алматылық ұжым қарсыласын 7:0 есебімен ойсырата жеңіп, жоғары деңгейдегі нәтиже тіркеді. Алайда, қарсыласты осал деуге келмейді. Еуропалық рейтингте 6-шы орында тұрған еуропалық ұжым. Толықтай Словения ұлттық құрамасының ойыншылары доп тебетін команда. Жігіттер жарады. Негізгі біздің басты мақсатымыз төрттік финалға жолдама алу болатын. Өкінішке қарай, «Бенфика» командасына қарсы кездесуде жігіттерге сәттілік жетіспеді. Дегенмен, команда бүгін жеңіске жету арқылы УЕФА рейтингісіндегі ұпай сандарын жақсартып, алдағы жылдары Қазақстан атынан Чемпиондар Лигасына тағы бір отандық ұжымның қатысуына себепкер бола алды. Сол тұрғыдан алғанда, бүгінгі жеңістің маңызы зор.
- Мен футзалдың барлық деңгейдегі ойындарын назардан тыс қалдырмай бақылап отыруға тырысамын. Ұлттық құраманың Астана және Алматы қалаларында өткізетін ойындарын үзбей қарап, бақылап келемін. Өткен жылы Алматыдағы «Қайрат» футзал клубының элиталық кезеңдегі ойындарын арнайы келіп тамашаладым. Бұл жақтағы атмосфераны оңтүстік астанамызбен мүлде салыстыруға келмейді. Бізде бұқаралық, әрі кәсіби деңгейде футзал жоғары деңгейде дамығандықтан, ұйымдастыру жағы да, көрермендердің ықыласы да ерекше.
- «Қайрат футзал» клубына үздік төрттіктің қатарына қосылуға не жетпеді деп ойлайсыз? Команда ойынына қандай баға бересіз?
- «Бенфикаға» қарсы кездесуде жігіттер өрескел қателіктерге бой алдырды дей алмаймын. Ойынның барлық аспектісінде португалиялық ұжымға лайықты қарсылық көрсетті. Дегенмен, дәл мұндай кездесулерде өзіңе берілген мүмкіндіктерді пайдалану өте маңызды. Қарсылас команда өз мүмкіндігін лайықты пайдаланса, біздің команда көп сәтте мүлт кетіп жатты. Биыл команда тізгінін ұстаған Марлон Веласко да жас маман. Жыл басында команда құрамына көп жас ойыншылар қосылды. Олардың команда құрамына толықтай бейімделуіне әлі де уақыт керек екені байқалып тұр. Осындай деңгейдегі ойындардың арқасында жігіттердің тәжірибесі мен кәсіби деңгейі артып, алдағы жылда команда бұдан да мықты болып оралады деп сенемін. «Қайрат» футзал клубына бүкіл отандық жанкүйерлер қызу қолдау көрсетті. Оны ойыншылар да сезінді деп ойлаймын. Біз де өз тарапымыздан команданы қолдауды тоқтатапаймыз. Жігіттерге ерекше алғыс білдіремін.
- 01.02.2026 «Қайрат футзал» встретился с молодежной командой U21
- 30.01.2026 Кайрат Оразбеков: «Мы создаём звёзд сами, а не покупаем их»
- 30.12.2025 Розыгрыш фирменного мерча «Қайрат футзал»
- 30.12.2025 На базе «Қайрат футзал» прошёл мастер-класс с участием легенд клуба
- 28.12.2025 Старт продаж билетов на матч 1/4 финала Лиги чемпионов УЕФА
- 22.12.2025 На базе клуба «Кайрат Футзал» прошёл обучающий семинар для тренеров по программе развития футзала
- 21.12.2025 Біржан Оразов: «В четвертьфинале Лиги чемпионов всё решат детали и характер»
- 21.12.2025 «Қайрат футзал» удостоен высокой международной награды Mundo do Futsal Experience
- 18.12.2025 На базе «Қайрат футзал» прошёл детский турнир «Samruk Bala Cup»
- 16.12.2025 UEFA: «Кайрат» — клуб, который выводит футзал Казахстана на новый уровень
- 06.12.2025 Біржан Оразов: «Есепке қарамастан, матч оңай өткен жоқ»
- 27.11.2025 Даурен Турсагулов: «Андерлехтпен ойын ешқашан оңай болмайды. Бірақ біз мінез көрсеттік»

