Наши кубки

09.03.2014 Вадим Яшин: «Қайраттың» аты тарихта қалады»

Вадим Яшин: «Қайраттың» аты тарихта қалады»
Футзалдан Еременко кубогының финалдық кездесуі аяқталған соң «Қайрат» пен «Синара» бапкерлері журналистердің сұрақтарына жауап берді.

~~Футзалдан Еременко кубогының финалдық кездесуі аяқталған соң «Қайрат» пен «Синара» бапкерлері журналистердің сұрақтарына жауап берді.


Какау, «Қайрат» ФК бас бапкері:

- Барлықтарыңызды жеңіспен құттықтаймын. «Синара» командасына алғысымды білдіремін. Кездесудің басында біраз қиналдық, «Синара» өте мықты ұжым. Жанкүйерлердің қолдауы қатты көмектесті бізге. 2007-ші жылы «Синараға» УЕФА кубогында жол берген болатынбыз. Сондағы кеткен есені енді ғана қайтардық. Команда ойыншыларына, сіздерге, барлықтыраңызға рахмет.

Вадим Яшин «Синара» ФК бас бапкері:


Біріншіден, «Қайрат» командасын ұлы жеңіспен құттықтағым келеді. Еременко кубогының алғашқы жеңімпаздары болғандықтан олар тарихта ізін қалдырды. Жігіттер жеңіске құлшынған, дегенмен қойылған нұсқауларымды толықтай орындай алмады. Соның кесірінен ұтылып қалдық. Қарсыластарымыз бүгін мықты болды, әйтсе де оларға қарсы лайықты ойын көрсеткіміз келіп еді. «Қайрат» командасын жеңіспен тағы бір құттықтаймын.

prosportkz.kz