Наши кубки

08.12.2013 «Қайрат» - Қазақстан кубогының жеңімпазы!

«Қайрат» - Қазақстан кубогының жеңімпазы!
УЕФА кубогының иегері алматылық «Қайрат» Қазақстан кубогы финалында қарағандылық «Тұлпарды» жеңді.

УЕФА кубогының иегері алматылық «Қайрат» Қазақстан кубогы финалында қарағандылық «Тұлпарды» жеңді.

Матчтың негізгі уақыты - 4:4 есебімен аяқталды. Қосымша уақытта «Қайрат» «Тұлпардан» басым түсіп, ел кубогының жеңімпазы атанды. Какау бапкер ақтық айқаста барлық ойыншыларын шығарды. Негізгі құрамда шыққан бразилиялықтардың квартетін Жоан, Фумаса, Алешандре мен Барон құрады. Матчтың негізгі уақыты тең аяқталған - 4:4. Жеңімпазды анықтау үшін қосымша уақыт қажет болды. Іске білек сыбана кіріскен алматылықтар жуапсыз үш гол соғып кубокты көкке көтерді. Бас жүлдені ҚФФ вице-президенті Александр Мазманянның өзі табыстады.

Футзалдан Қазақстан кубогы. Финал.

«Қайрат»-«Тұлпар» - 4:4, қосымша уақыт - 7:4

Үшінші орын үшін өрбіген бәсекеде жаңаөзендік «ӨзенМұнайГаз» бен «Аят» кездесті. Қазақстан біріншілігінде екінші жыл өнер көрсетіп жүрген батыс өңірінің футзалшылары тамаша ойын өрнегін паш етіп айқын жеңіске жетті.

«ОзенМунайГаз» - «Аят» - 8:3 (4:2)

Голдар: Ещанов 1, 32, Кононенко 4, 13, Даулетов 8, 34, Арсланов 23, Есебаев 28- Чеботарев 12, 29, Арсланов-автогол 18

Похожие новости