Наши кубки

08.12.2013 «Тұлпар» ел кубогының екінші финалисі

«Тұлпар» ел кубогының екінші финалисі
Қазақстан кубогының екінші жартылай финалдық кездесуінде «Тұлпар» мен «Аят» кездесті.

Қазақстан кубогының екінші жартылай финалдық кездесуінде «Тұлпар» мен «Аят» кездесті.

Әміржан Мұқановтың командасы өте жақсы ойын көрсете білді. Қарсыластарың бірден қыспаққа алып, ойын тізгінің толықтай өз қолында ұстады. Бірінші таймның ортасында қарағандылықтар алға шықты. Михаил Першиннің пасынан Павел Таку таблодағы есепті ашты. Төрт минуттан кейін, Сидней есепті ұлғайтты – 2:0. Артынша, Таку тағы екі рет көзге түсіп, қақпашы Смолинді әбдең шаршатты – 4:0. Екінші таймда есеп өзгерген жоқ. «Аят» соғатын бірнеше мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмады. Қарағандылықтардың қақпашысы Жеронимоны ерекше атап еткен жөн. Ол бірнеше қауіпті сәтте өз командасын құтқарды. Осылайша «Тұлпар» басым жеңіске жетіп, ертең Ел кубогының финалында алматылық «Қайратқа» қарсы кездесу өткізеді.

Дереккөз - prosportkz.kz.

Похожие новости