Наши кубки

08.12.2013 «Қайрат» ел кубогының финалына шықты

«Қайрат» ел кубогының финалына шықты
Футзалдан Ел кубогының алғашқы жартылай финалында «Қайрат» футзал клубы «ӨзенМұнайГаздан» басым түсті.

Матчтың басында Алешандре Алматылықтарды есепті алға шығарды. Артынша, «Қайрат» ойыншылары қарсыластарына қақпасына бес қайтарымсыз гол соқты. Жоан, Серік Жаманқұлов, Бетао және Алешанде дубль жасады. Бірінші тайм – 6:0 есебімен аяқталды.

Екінші таймда Какау негізгі қақпашысы Игитаның орнына Виталий Халявинді шығарды. Қонақтар болса алға ұмтылып УЕФА кубогы иегерінің қақпасына бес гол соғып, ойынды қызата түсті. Алайда, арасында алматылықтарда өз голдарын соғып жатты - Бетао дубль, Мұрзабаев пен Барон бір-бір голдан соқты. Жаңаөзен командасының сапында Даулетов, Кононенко, Есебаев және Элибаев дубльдің авторы атанды. Осылайша «Қайрат» басым жеңіске жетті. Жалпы есеп – 9:5.

Енді, «Қайрат» ертең Қазақстан кубогының финалы аясында «Тұлпар»-«Аят» матчының жеңімпазымен кездеседі.

Дереккөз - prosportkz.kz.

Футзал. Қазақстан кубогы. Бірінші жартылай финал.

«Қайрат»-«ӨзенМұнайГаз» -9:5 (6:0)

Голдар: Алешандре 3,13, Жоан 4, Жаманқұлов 9, Бетао 12, 40, Пенгрин 18, Мұрзабаев 21, Барон 25- Даулетов 29, Кононенко 30, Элибаев 30, 36, Есебаев 38

Төреші: Қосмұхамбетов (Қостанай)

Ескерту алған: Мұрзабаев 8

Похожие новости