09.03.2014 «Қайрат» - Еременко Кубогының алғашқы жеңімпазы

Еременко кубогының жартылай финалында «Газпром-ЮГРА»-ны тізерлеткен алматылық «Қайрат» ақтық сында «Синара» командасымен кездесті.
Какау шәкірттері іске білек сыбана кірісіп алашқы сәттерден-ақ қарсыластардың қақпасына төне бастады. Ойынның 5-ші минутында тамаша мүмкіндік туындап Фумаса ауадағы допты қайшылап тепті. Әттең, сәл қиыс... «Синара» ойыншылары да бірнеше қауіпті шабуылдармен жауап берді. 7-ші минутта Игита қарсыластар сапындағы Агаповтың қауіпті соққысын қайтарды. Ақыры 8-ші минутта есеп ашылды. Гол соққан кім дейсіз ғой? «Қайрат» қақпашысы – Игита! Тамаша комбинациядан кейін 2-ші нөміріміз допты алыстан шірене теуіп қақпашы Зуевтің қолтығынан өткізді. Ары қарай ойын бірқалыпты жылдамдықпен өрбіді. Қос тарап бірнеше шабуылмен алмасқан соң «Қайраттың» есепті еселеуге кереметтей мүмкіндігі болған. Қақапашымен бірге-бір шыққан Фумасаның соққысы қақпа бағанасынан қайтты. Дегемен екінші гол ұзақ күттірмеді. 18-ші минутта Игита сүйікті соққысын қайталап допты құлаштап тепті, Алешандре Бұрышқа аттанып бара жатқан доптың бағытын өзгертіп қақпа төрінде бүлк еткізді. Қақпашы аң-таң... Таймның соңына таман «Синаралықтар» ойынын мүлдем жоғалтып алғандай. Қимылдары – сылбыр, соққылары – бейберекет. Осылайша алғашқы 25 минуттық 25 секундтай өте шықыты.
Аспай-саспай екінші кезеңге аяқ басқан жігіттер «Сианараны» қайтадан қыспаққа алмақ болды. Есепті қысқартуға тырысқан ресейліктер әлсін-әлсін жауап беріп мінез көрсете бастаған бұл сәтте. Дегенмен алаң қожайыны кім екенін көрсеткен «Қайрат» «Синара» қақпасына 3-ші гол тоғытты. Баронмен пас алмасып құлап бара жатқан қақпашының үстінен допты әдемілеп асырған Алешандре Балуан Шолақ атындағы спорт кешенін тағы бір шапалақ ұрғызды – 3:0. Бірнеше тамаша мүмкіндігін жоғалтып алған «Сианара» ойыншылары 13-ші минутта қателікке бой алдырды. «Кәрі қасқыр» Жоан қорғаушылар мен қақпашыны кешірмеді - 4:0. Жиырма секунд өткен жоқ, тағы гол... Алешандре хет-тик жасап жанкүйерлерге шаттық сыйлады. Алаңға алтыншы ойыншыны шығарып тайлы тұяғымен шабуылдаған ресейліктер «жоқ» деген бір гол қайтармақ еді. Ақыры діттегеніне жетті. Айып алаңында «Синара» ойыншысына қарсы ереже бұзылып оны Абрамов дәл орындады. Алайда қарсыластар бұдан арыға бара алмады. Қорытынды есеп - 5:1!
Осылайша алматылық «Қайрат» тұңғыш рет ұйымдастырылған Еременко кубогыныңң алғашқы жеңімпазы атанды.
«Еременко кубогы». Финал.
«Қайрат» - «Синара» - 5:1 (2:0)
Голдар: Игита 9, Алешандре 18, 32, 38, Жоан 37 – Абрамов 47
«Қайрат»: Халявин, Игита, Жаманкулов, Пенгрин, Сүлейменов, Фумасва, Лео, Рубиньо, Алешандре, Эуелер, Кайо, Барон, Жоан
«Синара»: Зуев, Замтарадзе, Мохов, Кузнецов, Афанасьев, Абрамов, Иванов, Бастриков, Фахрутдинов, Шистеров, Качар, Агапов, Загузов, Герасимов
9-шы наурыз. Алматы. Балуан Шолақ спорт кешені.
- 05.07.2025 Президент "Кайрат футзал - о жеребьевке ЛЧ, трансферах и смене тренера
- 03.07.2025 Кайрат футзал U17 примет участие в международном турнире в Португалии
- 03.07.2025 Сегодня состоится жеребьёвка Основного раунда Лиги чемпионов УЕФА по футзалу!
- 30.06.2025 «Рады вернуть кубок на своё место. Это заслуга ребят» — Густаво после финала
- 30.06.2025 Кайрат Оразбеков: «Это победа всего казахстанского футзала»
- 30.06.2025 «Кайрат футзал» — 21-кратный чемпион Казахстана!
- 30.06.2025 Алиссон де Лима: «Сейчас главное — мы стали чемпионами!»
- 25.06.2025 Деннис: «Главное — помочь команде. А голы — приятный бонус
- 19.06.2025 «Кайрат футзал» в следующем сезоне в 22-й раз подряд примет участие в Лиге чемпионов УЕФА по футзалу!
- 18.06.2025 Интервью с Густаво Парадедой, исполняющим обязанности главного тренера «Кайрат футзал
- 16.05.2025 «Кайрат» вошёл в историю: первое чемпионство женской команды и амбиции на Европу
- 16.05.2025 «Кайрат» — первый чемпион Казахстана среди женщин по футзалу!