06.12.2025 Біржан Оразов: «Есепке қарамастан, матч оңай өткен жоқ»

— Біржан, екі матчтың қорытындысы бойынша команда 12:6 есебімен келесі кезеңге өтті. Бұл нәтиже қарсыластықтың шынайы деңгейін қаншалықты көрсетеді?
— Есеп ірі болып көрінуі мүмкін, бірақ шын мәнінде екі ойын да оңай өткен жоқ. Әсіресе бүгінгі матч қиын болды. Алғашқы кездесудегі нәтижеге қарамастан, қарсыластың соңына дейін күресетінін жақсы түсіндік.
— Психологиялық тұрғыда екінші матч күрделірек болды деп айтуға бола ма?
— Иә, дәл солай. Бірінші ойыннан кейін босаңсуға болмайтынын өзара келісіп алдық. Екінші матчқа нөлден бастайтындай, толық жауапкершілікпен және жоғары тәртіппен шықтық. Мұндай кезеңдерде тек осылай ойнау керек.
— Бүгін сіз дубль авторы атандыңыз. Мұндай ойындарда жеке жетістіктің маңызы қандай?
— Бұл деңгейдегі матчтарда ең бастысы — командалық нәтиже. Әрине, гол соққан жағымды, командаға пайдаң тигені қуантады. Бірақ басты мақсат — келесі кезеңге шығу. Біз сол міндетті орындадық.
— Үйдегі ойында жанкүйерлердің қолдауы туралы не айта аласыз?
— Жанкүйерлерімізге және фанаттарымызға үлкен рахмет. Трибунадағы атмосфера өте жоғары болды, ойын бойы қолдауды анық сезіндік. Мұндай қолдау командаға шешуші сәттерде қосымша күш береді.
— Алда Лига чемпиондарының ширек финалы күтіп тұр. Команданың көңіл-күйі қандай?
— Алда өте жауапты кезең. Бұл сатыда әлсіз қарсылас болмайды. Біз маңызды қадам жасадық, бірақ жұмыс әлі көп. Әрі қарай да матчтан матчқа дайындалып, бар күшімізді саламыз.
— Осы орайда біздің демеушілеріміз бен серіктестерімізге алғыс білдіргім келеді. Атап айтқанда, бас демеушіміз — Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры және спортты қолдау бағытында үлкен үлес қосып отырған Sport Qory. Олардың қолдауы команда үшін өте маңызды.
«ҚАЙРАТ ФУТЗАЛ» Бас серіктесі – «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
«ҚАЙРАТ ФУТЗАЛ» серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ
@sportqory
@samrukkazyna_official
- 30.06.2026 Кайрат Оразбеков: «Такой финальной серии в истории казахстанского футзала еще не было»
- 29.06.2026 «Для меня большая честь и ответственность продолжить работу на благо клуба, которому я посвятил 13 лет»
- 21.05.2026 Густаво Парадеда: «Сделаю все, чтобы оправдать доверие клуба»
- 20.05.2026 Густаво Парадеда вновь возглавил «Қайрат»
- 15.05.2026 Даниэль Жуниор: «Алматы за короткое время стал для нас вторым домом»
- 14.05.2026 Даниэль Жуниор покидает пост главного тренера «Қайрат футзал»
- 22.04.2026 Даниэль Жуниор провел обучающий семинар для тренеров академии «Қайрат футзал»
- 20.04.2026 Кайо Руиз: «Сегодня нам не хватило реализации»
- 20.04.2026 Густаво Парадеда: ««Қайрат» всегда играет только на победу»
- 19.04.2026 Біржан Оразов: «Такие матчи закаляют команду»
- 19.04.2026 Даниэль Жуниор: «Мы ожидали очень сложный матч, и именно таким он получился»
- 04.04.2026 Жахангир Рашит: «Мы — «Қайрат» и должны побеждать в каждом матче»

