27.11.2025 Даурен Турсагулов: «Андерлехтпен ойын ешқашан оңай болмайды. Бірақ біз мінез көрсеттік»

— Даурен, матчтың басы мен жалпы барысы туралы не айтар едің?
— Біз ойынды дұрыс бастадық, бірақ футзалда бір сәттік босаңсу бәрін өзгерте алады. Андерлехт — жоғары деңгейдегі, тәртіпті әрі кез келген қарсыласқа қиындық туғыза алатын команда. Олар мұны есепте алға шыққан сәтте көрсетті. Сол кезде бастысы — сабыр сақтау және ойын жоспарынан ауытқымау болды.
— 3:1 есебімен ұтылып жатып, бірінші таймның соңына дейін есепті теңестіру қаншалықты маңызды болды?
— Бұл матчтың шешуші сәттерінің бірі болды деп ойлаймын. Егер үзіліске айырмашылықпен кеткенде, ойын психологиялық тұрғыда басқаша өрбуі мүмкін еді. Ал 3:3 есебі бізге сенім берді, ойынның өз қолымызда екенін көрсетті.
— Екінші таймда «Кайрат» төрт жауапсыз гол соқты. Сол аралықта команданың ойынында не өзгерді?
— Біз ойынды бақылауға көштік. Доппен дұрыс жұмыс істеп, позициялық шабуылда сабырлы әрекет еттік. Қорғаныста жинақы болдық, ал шабуылда мүмкіндіктерді тиімді пайдалана алдық. Бұл — командалық тәртіп пен тәжірибенің нәтижесі.
— Өзің де гол соқтың. Мұндай матчта жеке сәттер қаншалықты маңызды?
— Әрине, гол соғу — кез келген ойыншы үшін жағымды. Бірақ мұндай деңгейдегі ойындарда ең бастысы — команданың нәтижесі. Бүгін әркім өз рөлін дұрыс орындады, мен соған қуаныштымын.
— Мұндай ірі жеңістен кейін қарсыласу тағдыры шешілді деп айтуға бола ма?
— Жоқ, мүлде олай емес. Алда өз алаңымыздағы жауапты матч бар. Андерлехт — тәжірибелі, мінезі бар команда, олар соңына дейін күреседі. Сондықтан біз бұл ойынды тек жақсы бастама деп қабылдаймыз.
— Үйдегі матч алдындағы басты міндет қандай?
— Дәл осы деңгейде дайындалу. Босаңсуға болмайды. Өз жанкүйерлеріміздің алдында ойнаймыз, бұл — үлкен жауапкершілік. Біз келесі матчта да бар күшімізді саламыз.
«ҚАЙРАТ ФУТЗАЛ» Бас серіктесі – «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
«ҚАЙРАТ ФУТЗАЛ» серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ
@sportqory
@samrukkazyna_official
- 01.02.2026 «Қайрат футзал» встретился с молодежной командой U21
- 30.01.2026 Кайрат Оразбеков: «Мы создаём звёзд сами, а не покупаем их»
- 30.12.2025 Розыгрыш фирменного мерча «Қайрат футзал»
- 30.12.2025 На базе «Қайрат футзал» прошёл мастер-класс с участием легенд клуба
- 28.12.2025 Старт продаж билетов на матч 1/4 финала Лиги чемпионов УЕФА
- 22.12.2025 На базе клуба «Кайрат Футзал» прошёл обучающий семинар для тренеров по программе развития футзала
- 21.12.2025 Біржан Оразов: «В четвертьфинале Лиги чемпионов всё решат детали и характер»
- 21.12.2025 «Қайрат футзал» удостоен высокой международной награды Mundo do Futsal Experience
- 18.12.2025 На базе «Қайрат футзал» прошёл детский турнир «Samruk Bala Cup»
- 16.12.2025 UEFA: «Кайрат» — клуб, который выводит футзал Казахстана на новый уровень
- 06.12.2025 Біржан Оразов: «Есепке қарамастан, матч оңай өткен жоқ»

